АЭС құрылысының салыну барысын халықаралық ұйымдар бақылайды
Оған қоса станцияның қуаттылығына байланысты ең озық технология қолданылады. Ал оның құрылысы аз дегенде 10-15 жылға созылады.
Осы аралықта еліміз шетелдік әріптестерімен бірге қажетті мамандарды да даярлап үлгереді. Ол мамандар қазір әлемнің әр елінде жұмыс істеп тұрған реакторлардың тәжірибесімен таныса алады.
Бұл қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға негіз болмақ, деп жазады qazaqstan.tv.
Атом саласын зерттеп жүрген мамандар бүгін Өскеменде бас қосып, экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады.
«Проценттік қарым-қатынаспен алып келетін болсақ, барлық атом электр стансалары реакторларынан 2 пайыз ғана апаттар болады. Ол 2 пайыз жақсы сабақ болды және де қауіпсіздік шараларын жоғарылатуға жақсы көмектесті. Егер де Қазақстанда АЭС салынса, осы халықаралық нормалар мен стандарттарды қолданып салынғанда, онда Қазақстанда электр энергияның тапшылығы болмайды.»