АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ: АЛМАТЫДА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ АЙТЫЛДЫ

Просмотров: 44

Іс-шараның модераторлары қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Борис Жапаров, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов болды.«Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин АЭС-тің Балқаш көліне кері әсері туралы алып қашпа сөзді жоққа шығарды.


• «Біз бұл мәселені қарастырдық: атом электр станциясына қажетті су мөлшері көл бетіндегі табиғи буланудың 0,3% -ымен бірдей», – деді ол.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков 1979 жылы Три-мил-Айленд АЭС-ында болған апат, сондай-ақ атом энергетикасы тарихындағы ең ірі апат – 1986 жылы Чернобыль АЭС-ындағы жарылыс бүкіл саланы түбегейлі қайта қарауға мәжбүр еткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқиғалардан кейін қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға қойылып, бұл қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған атом электр станцияларын жаңғыртуға және реактор қондырғыларының жобаларына елеулі өзгертуға әсер етті.
• «Осылайша қауіпсіздіктің жаңа философиясы және жалпы техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсартылған реакторлардың үшінші буыны пайда болды», – деп атап өтті Эрлан Батырбеков.

ЯФИ басшысы Саябек Сахиев, Қазақстанда салынуы мүмкін атом реакторына ұқсас реактор Ядролық физика институтының базасында көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқанын айтты.
• «Бір кездері институттың жанында үш мың адам өмір сүрген, бүгінде — 15 мың адам. Біз 50 тұрғынға арнайы сенсорлар таратып, апта сайын нәтижелерін алып отырдық. Ешқандай маңызды өзгерістер тіркелген жоқ», – деді ол.
Еңбек сіңірген энергетик Бақытжан Жақсалиев Қазақстанның қолданыстағы энергетикалық кешендері мемлекетті электр энергиямен толық қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, электр энергиясының тұрақты өндірісі ғана қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.
• «Қазақстанда атом электр станциясының жобасын іске асыру тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын төмендетуге әкелетін экологиялық таза энергия құрудың алғашқы қадамы ғана болады»,— деді Жақсалиев.
2023 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси аспект болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол жалпыұлттық референдум өткізу арқылы атом электр станциясын салу мәселесін шешуді ұсынды.
2024 жылдың маусым айының соңында Президент атом электр станциясын салу бойынша референдум осы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді. Нақты күнді Қазақстан Үкіметі айқындайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған