Айдауыл қызметі жайлы не білеміз?

Просмотров: 130

Кез-келген елдің дамуы қорғаныстың қуаты, әскердің әлеуетімен бағаланып жүр . Ол да дұрыс шығар. Себебі стратегиялық маңызға ие саланың заманға сай болуы бүгінгідей алмағайып күнде баршаның көкейін тескен кесек мәселе боп тұр. Қазір әлем елдерінің қорғану тәсілдері мен соғыстың алдын-алу шарттары мүлдем өзгерген. Баяғыдай қаптаған сарбаздың санымен емес, азда болса озық техниканы меңгерген мамандар сапасымен өлшенеді қазіргі қорғаныс.

Құрлықта қуатты, әуеде әлеуетті, теңізде тегеуірінді. Қазір Қазақстанның әскері әлдеқайда әлді. Аз ғана уақыттың ішінде айбынды армия құрылды. Қару-жарақ пен әскери техникалар жаңартылып, сала серпін алды. Елдің қарулы күшке деген сенімі ұлғая түсті. Ал, әуелде қалай еді? Тәуелсіздік алған жылдары шекарамыз шегесін таппай, полицияның пәрмені, әскери күштің дәрмені жоқ еді. Егемен болып, етек жең жиғалы бұл саладағы қиындықтарды да еңсеріп, құзырлы органдарда еңсе тіктеді. Оның бірден бір дәлелі орта азия мемлекеттері ішінде шекара мәселесін 100 пайыз шегендеп алған Қазақстан ғана. Мұны мақтанышпен айтуға болады.

2

Отан қорғаушы ұғымы жалпылама әскери қызметкерлерге қаратып айтылады. Бірақ бұл сала да құрылымы мен атқаратын қызметіне қарай сан түрге бөлінеді. Айдауыл деген сөзді естідіңіз бе? Бұл кәнігі «канвой». Яғни, түзеу мекемелері мен сот процестеріндегі қауіпсіздікті қадағалайтын қызмет түрі. Мереке қарсаңында дәл осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөліміне барып қайттық.

Қаптаған құрылымның ішінен дәл осы әскери бөлімге тегін келген жоқпыз. Себебі 6505 еліміздегі тарихы терең , ең үлкен әскери бригадалардың қатарына жатады. Тарих демекші бұл бөлім 1956 жылы құрылған. Тамыры сонау кеңес кезіндегі айдауылдау әскері,52 дивизия базасындағы 199-шы жеке жасағанын басталады. 1961 жылы дәл осы бөлімнің басқармасы Қарағанды қаласына ауыстырылды. Сол кезеңнен бері әскери бөлім жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

3

Әскери салада әр секунд санаулы. Қызметке кешігу, ұйықтап қалу деген сылтаулар болмайды. Біз келген кезде бөлімнің барлық құрамы ережеге сай әскери біліктіліктерін көрсететін апталық сынақтан өтіп жатты. Бұл сала қызметкерлерін әйел еркек деп бөлмейді. Бәріне заң біреу. Бірақ мамандығына адал нәзік жандылардың өзі автоматты оп-оңай шашып, жинай салды.

3

Бөлімдегі әскери дайындық офицері Арыстан Қасымов тікелей қызметкерлердің дайындығын қадағалатын адам. Оның айтуынша, бөлімдегі сарбаздар ғана емес, әр біз әскери қызметші физикалық , моральдық дайындығын шыңдап отыру қажет екен.

«Бұл апта сайын болатын сынақтар. Әрбір қызметкер жауынгерлік дайындығын көрсетеді. Еркек, әйел деп бөлмейміз. Бәріне белгіленген талап бір. Біздің қызметкерлердің еті бұл сынақтарға үйренген. Сүрінген сәттері өте сирек»,- дейді бөлім офицері Арыстан Қасымов.

Бізге таңсық болғанымен бұл жаттығулар әскери қызметкерлер үшін күн тәртібіне айналып кеткені көрініп-ақ тұр. Жаттығуда қиын болса, шынайы тәжірбие соғұрлым оңайырақ болмақ. Оның үстіне айдауыл мен түзеу мекемелеріндегі қызметте қателесуге болмайды.

1

Журналистермен қоса мереке қарсаңында әскери салаға икемі бар мектеп оқушылары нағыз сарбаздың өмірін көзбен көру бақытына ие болды. Бірақ оқушыларда сарбаздардан қалыспай білгендерін ортаға салды. Тіпті автоматты шашып жинаудан шағын рекордта жаңарды.

Алаңдағы жаттығулардан әскери бөлімнің ішіне қарай беттейік. Алдымен бөлімнің көлік базасымен таныстық. 6505 әскери бөлімі айдауыл мен күзет саласына бейімделгендіктен мұндағы техникалық база сәл басқаша. Бірақ қызметке қажетті ауыр , жол талғамайтын , түзеу мекемелеріне тасмалдайтын техниканың бәрі бар. Тіпті атынан ат үркетін атақты БТР- ді де көзіміз шалып қалды.

«Біздің автобазадағы барлық техника жүріп тұр. Әркім өз қызметін жатқа біледі. Айдауыл қызметі болғандықтан ұрысқа арналған көліктеріміз көп емес. Бірақ саламызға қарай бейімделген техниканың бәрі бар. Үнемі жаңартылып тұрады»,- дейді механик-жүргізуші Саян Зекенов.

Техника базасынан кейін біз казармаға бет алдық. Көрпе жастығының қырлары сызғышпен сызылғандай түп-түзу төсектер,керек заттың бәр орнында. Ауыр әскери қызмет күнінен кейін демалуға барлық жағдай жасалған. Бірақ бәрі уақытпен. Сондықтан тәртіпке бейімделген сарбаздар күйбеңнен демалтын әр секунтты босқа жібермеуге тырысады. Бір қызығы Қазақстанның түпкір-түпкірінен мұндағы сарбаздар дәл осы әскери бөлімге түскеніне қуанышты. Оның себебі деп көп. Бір екеуін тарқатып көрейік. Осыдан біраз жыл бұрын Балқаш қаласындағы түзету мекемесінен қашпақ болған қылмыскерлерді тоқтатқан Бекжан Әлсейітов дәл осы бөлімнің қызметкері, ал жаттығу кезінде оқыс ұшқан гаранатаны кеудесімен жауып, жас сарбаздардың өмірі құтқарып қалған полковкин Қайрат Үмбетовте осы әскери бөлімнің оғланы. Бүгінгі күннің батырлары деп осындай азаматтарды айтуға болады.
3

Әскери қызметтің оңай еместігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. 6505 әскери бөлімі өзінің негізгі қызметінен басқа дала өрті, су тасқыны кезінде қарапайым халықтың жанынан табылып, керекті көмектің көрсетуге дайын. Онысын міндетсінген емес. Себебі Отанға қызметтің алғы шарты осы халықты қорғаудан басталтынын ұмытпайды мұндағы әскерилер.

Қазіргі таңда жастардың әскери борышын өтеуге деген құлшынысы артқан. Көктемгі, күзгі шақырылымдарда шақырымдап демесек те, ұзын-сонар кезек түзілетіні рас. «Намыстан жаралған наркескен халықпыз, елдіктің найзасын ерлікке жаныппыз» деген батырлық әр қазақтың қанында бар қасиет. Сәйкесінше, Отан үшін отқа түсер оғаландарымыз ортамызда, қарулы күштердің құрамында халқына абыройлы қызмет қылып жүр.

Жанайдар МАЙКЕН,

saryarqanews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған