Аймақта ұстаз тапшы

Просмотров: 149

Қарағанды облысындағы мектептерде мұғалім жетіспейді. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың мәлімдеуінше, бүгінде 200 орын бос тұр. Әсіресе физика, математика, химия және орыс тілі пәндерінің оқытушылары тапшы екен.

Ұстаз жетіспегендіктен, кей мектепте зейнетке шыққан мұғалімдерді қайта шақырып, келісімшарт мерзімін ұзартуға мәжбүрлік пайда болған.

– Жыл басынан бері 728 оқытушыға сұраныс туындады. Қазіргі уақытта бес жүзге жуық маман жұмысқа қабылданды. Кей мектепте конкурс өткізіледі. Көптеген ұстаздың басқа өңірлерге қоныс аударуына байланысты кадр жетіспеушілігі туындап отыр, – дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Сонымен қатар Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр. Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады.

Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80%-ы кеңестік кезеңде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады.

Ақзия Оразалиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған