Қайныма көңілім құлап жүр…

Тұрмысқа шыққаныма 6-шы жылға аяқ басты. Аллаға шүкір, 2 ұлым бар. Күйеуім қарапайым автобус жүргізушісі. Мен үйде баламен отырмын. Негізгі мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Күйеуім 4 ағайынды. Ата-енем ауылдағы кіші қайынағамның қолында. Ол кісілер мал шаруашылығымен айналысады. Күйеуім екеуміз Алматының Талғар ауданынан жер алып, кішігірім етіп 4 бөлмелі үй көтеріп алдық. ауылдағы ағайындары мал беріп, материал түсіріп беріп, көп көмектесті. Күйеуім таң қараңғылығынан жұмысқа кетіп, түнгі 10-11-де бірақ келеді үйге. Мен екі баламен қорқатын болғандықтан Асқардың (күйеуімнің) туғані інісін ауылдан алдыртып алдық. Ол қайным 11 сынып оқиды.

Осы қайным үйге келгелі менің мазам қаша бастады. Жек көргеннен немесе үйге сыйғызбай жатқам жоқ, қайнымның менің сезімдеріммен ойнай бастағандығынан. Өзі сүп-сүйкімді, аққұба, бойы да ұзын әдемі жігіт болып өсіп келеді. Домбырамен өлең-терме айтып, гитарамен көшенің әуезді әндерін ыңылдап айтқаны да өзіне тым қатты жарасады.

Күйеуім кеш келетін болғандықтан көбіне қайным екеуміз ашық сырласа береміз. Түннің жарымына дейін ол өзінің жүрген қыздарын, олардың қылықтарын айтады. Мен оның айтпасына қоймай, төсектегі тәжірибесін сұраймын. Бастапқыда қайным қызарақтап, әрең айтушы еді, соңғы кездері ашық-жарқын-ақ әңгімелеп отыра беретін болған.

Күйеуіммен төсек қатынасында көп болмайтындықтан ба, әлде менің темпераментім жоғары ма, қайнымның айтқан әңгімелеріне аузымның суы құрып, тамсанып қалатын болғанмын. Тіпті көз алдыма елестеп… Айтуға ұят тіптен. Қайным құшақтап, ернімен сүйіп, төсекке тартса құлап кететіндей-ақ тәтті сезіммен бірге қалың үрей билеп алады бойымды ондайда.

Өткенде қайныма монша жақтырып, екі баланы жуындырып, үйге кіргізіп жібердім де, моншада жалғыз өзім шомылып жатқам. Қайным сырта моншаға от салып, тақырлатып жүрді. Кенет оның тып-тыныш боп қалғанын сездім де, ақырын есіктің саңылауына көз салсам қайным тесіктен маған телміре қарап тұр екен. Бойымда алай-дүлей құйын сезім ойнады кеп дейсің. Есікті ашып кіргізіп алғым келді. Бір шетінен ұят құрғыр жібермей бара жатыр. Бір шетінен құмар-жылан бойды билеп… Ақыры не керек үстіме мұздай су құйып, өз-өзімді әрең бастым. Ойымды басқа арнаға бұрып, кредит жайлы, балалардың қыстық киімі жайлы ойға беріліп, ес жинадым.

Қазір күйеуім жұмыстан қанша кеш келсе де тамаққа тойдырып, жуындырып-шайындырып, төсекте өз дегеніме жеткенше маза бермеймін. Сосын ғана екеуміз де тәтті ұйқыға батамыз. Қайным ойнаған сезімді осылай қайырмасам, басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Екінші қайныммен ашық тақырыпта сөйлеспеуге тырысамын.

Толығырақ: http://alashainasy.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger