Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр

Тұрмысқа шыққаныма бір жарым жылдай уақыт болды. Күйеуімді мүлдем танымаймын. Мені алып қашып әкелген болатын. Отбасым алып кетпегендіктен, қалуға мәжбүр болдым. Жолдасым күзетші болып жұмыс істейді. Өзі жақсы адам. Бірақ, ішкі жан-сырымды көп түсінбейді. Ал мен еркелеп, сырласқым келеді. Ол бұл туралы ойламайды да.

Мені үйдегілер үшін ғана алып келгендей күйде жүрмін. Үйді таза ұстап, өзіме жақсы қараймын. Әлі күнге дейін бір-бірімізге үйренісе алмай жүрміз. Төсек қатынасында да көп бола бермейміз. Себебі, өзі 15 күн жұмыста болады. Үйге келгенде отбасының басқа мүшелерінің ұйықтағанын күтейік дейді. Олар ұйықтағанша мен де ұйықтап қаламын. Яғни 3-4 айда бір қосыламыз. Мен онымен бірге болғым келеді. Осы туралы өзінен ашық сұраймын. Ол да бірге болғысы келетінін айтады.

Үйде жолдасымнан 4 жас кіші қайын інім бар. Маған жақсы қарайды. Жылағанымды бірден байқап қояды. «Неге мазаңыз жоқ?» деп жағдайымды жасап тұрады. Менімен әзілдесіп ойнайды. Бір күні үйде ешкім жоқ болғанда жатын бөлмеме кіріп келді. Мені құшақтап сүйе бастады. Қарсыласып, қашпақ болған едім күшім жетпеді. Ақыры өз дегенін жасады. Бұл туралы ешкімге айта алмадым. Араға 2 ай салып мен базарға кеттім. Ата-енем осы уақытта қонаққа кеткен екен. Үйде қайын інім жалғыз қалған екен. Мұны білмей үйге кіріп келдім. Есік құлыптанып қалды. Ал кілт қайнымда болатын. Мен заттарды қойып, далаға шығып кетпек болдым. Бірақ, тағы да құшақтап алып аймалай бастады. Бұл жолы да үнсіз қалдым.

Жолдасым жұмыстан келген соң барлық шындықты айтамын деп ойладым. Бірақ, айта алмадым. Осылай жүргенде жолдасым екеуіміз овуляция күні қосылдық. Ол қайтадан жұмысқа кетті. Қайын ініммен жалғыз қалуға қорқатын болдым. Бір күні енемнің жоқ екенін пайдаланып, қайын інім мені құшақтай жөнелді. Ол мені тағы да өз дегеніне көндірді. Екі айдан кейін жүкті екенімді білдім. Бірақ, баламның кімнен екенін білмей жүрмін. Қайын інім туралы ешкімге айта алмаймын. Себебі, отбасымызда барлығы бір-бірін сыйлайды. Бөлек шығып кетуге де мүмкіндік жоқ. Шындықты айтсам, мені ешкім жақтамайтыны анық. Содан жалғыз қаламын. Ішімдегі балам қазір 7 айлық болды. Не істесем екен?

Стан.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger