Алғаш рет дауыс беретін студенттермен кездесу өтті

Просмотров: 12

Бүгін қалалық коалиция мүшелері алғаш рет дауыс беретін студенттерге арналған арнайы кездесу өткізді.

Кездесу Қарағанды индустриялық университетінің студенттерімен ұйымдастырылып, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасындағы маңызды өзгерістер мен алдағы референдумның қоғамға әсері туралы әңгіме өрбіді. Жастар Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жиын барысында студенттердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызы атап өтілді. Сондай-ақ алғаш рет дауыс беретін жастардың азаматтық жауапкершілігі мен ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы рөліне назар аударылды.

Мұндай кездесулер жастардың саяси және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған