Алғашқы махаббатымнан айырылып қалдым

Сәлеметсіздер ме! Мен өзімді мазалап журген жағдайды айтайын деп едім. Мен жігітпен 2 жыл журдім, ол менің ең алғашқы махаббатым болатын. Ол жігіт көрші ауылдың жігіті еді, біз бір-бірімізді қатты сыйлайтынбыз, өте жаксы бала еді тіпті ата-анасы да мені танитын.

Ол Астана қаласында жумыс істейін. Екеуміздің алға қойған жоспарларымыз көп еді. Бірақ ол бір-ақ күнде мені асап кее барды. Құрылыста жұмыс істеп жүріп, 7 қабаттан құлап қайтыс болды. Ол маған дәл сол күні хабарласып, мені сүйетінін айтты соңгы рет. Арада 4 сағат өткенде інісі маған телефон шалып,  оның қайтыс болғанын айтты. Мен оны естігенде сенбедім, жыладым.Түндерім жылаумен өтті, оның жоқ екеніне сене алмадым. Осылайша арада біраз уақыт өтіп мен оқудан жазғы демалысқа ауылға қайттым. Оның анасын кездейсоқ жолықтырып қалдым. Ол кісі мені жаксы көретінін және мені екінші улына алып бергісі келетінін айтты. Мен таңқалдым, бұлай болмайтынын айттым.Марқұм жігітімнің анасы  маған әлі күнге деиін хабарласып турады. Мен бірақ қазір бір жігітпен сөйлесіп жүрмін. Ол жігіт жақсы, мені түсінеді, бір-бірімізді сыилаймыз. Мен қиналып кеттім, қай жолды таңдарымды білмеймін. 

Толығырақ:  alashainasy.kz

Advertisment ad adsense adlogger