Алдымызда маңызды қадам тұр
Алдымызда ел дамуы үшін айрықша мәнге ие маңызды кезең тұр. Алдағы республикалық референдум – мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын, әр азаматтың үні ескерілетін тарихи мүмкіндік. Сондықтан баршаңызды осы жауапты сәтте белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырамын.
Ата Заң – тәуелсіз еліміздің темірқазығы, құқықтық жүйеміздің берік негізі. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар қоғам сұранысына сай жаңғыруға, әділдік қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл – тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.
Референдумға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, Отанға деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Әрбір берілген дауыс – ел ертеңіне деген сенімнің, бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айғағы. Мемлекеттің болашағы – біздің ортақ таңдауымызға байланысты.
Айдос ҚУАНЫШБАЕВ,
Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары.

