Алып қасқырдың басы табылды

Сібір өңірінен алып қасқырдың бас сүйек қаңқасы табылды. Якутия ғалымдарының зерттеуінше, ол 40 мың жыл сақталған.

Якутия ғылым академиясының Мамонтова фаунасы бөлімінің басшысы Альберт Протопоповтың айтуынша, қасқырдың дене тұрқы айтарлықтай ірі. Басының көлемінің өзі 40 сантиметрге жуық. Жыртқыш аң шамамен үш немесе төрт жаста көрінеді. Қазіргі уақытта, Якутск қаласында дала тағысының бас сүйегіне зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар, Жапония мен Швециядан келген ғалымдар да оны зерттеуге кіріскен.

Ежелгі жануардың ағзасына талдау жасалып, томографиялық сканерден алынған деректер өңделуде. Сарапшылар табылған аңның басын қазіргі және ежелгі қасқырлармен салыстырып, сараптамасын шығаратын болады.

– Біз жануардың даму кезеңдерін түсіну үшін ежелгі қасқырдың сүйегін қазіргі қасқырдың сүйегімен салыстырамыз. Бір айта кетері, табылған бас сүйегі бүгінгі күнге дейін ауа райының салқындығынан бұзылмай келген, – дейді Альберт Протопопов.

Айта кетейік, Якутияның Абийск ауданында бұрын-соңды болмаған жыртқыш құстардың жақсы сақталған дене мүшелері табылған. Мысалы, 2015 жылдан 2017 жылға дейін ғалымдар бірден үш ежелгі арыстанның денесін тапты. Тіпті, зерттеушілер табылған арыстанның күшігіне «Спартак» деген лақап атын берген. Оның, денесінің ұзындығы – 40 сантиметр, салмағы – 800 грамды құраған.

Нұрдос КӘРІМ

Advertisment ad adsense adlogger