Анамның қателігін қайталағым келмейді

Менің жасым 18 де, үйдің жалғыз қызымын, университеттің 2 курс студентімін. Әкем кішкентай кезімде қайтыс болған, анам екеуміз тұратынбыз, қазір өгей әкем бар, мен ол кісімен мүлде сөйлеспеймін бір үйде тұрсақ та. 

Менің айтайын дегенім, әр қыз балада мектептегі қызықты  шақтар, алғашқы маxаббат, студенттік кез, ,нағыз қыз-жігіт боп жүретін кездер болады ғой. Мен анамның қатал мінезінен ба, әлде өзімнің ынжықтығымнан ба анаммен ондай тақырыпта  сыр бөлісе алмаймын. Анам өзі ерте тұрмысқа шықты, студенттік шақ, жастық кезеңдерді,  ондай ештеңені көрмеді. Енді қазір маған  тұрмысқа шығуға асықпа дейді. Жігітпен жүруді ерте санайды, мені кішкентай қыз көреді, басқа «қыздар жігітпен жүріп жүрмін, анам біледі» дейді, бірақ мұндай жағдай менің басымнан өтіп көрген жоқ әзірге. 

Мен өзім шошақайлықты жек көрем, орнымен сөйлеймін, құрбыларыммен әзілдесем. Алайда  құрбыларыммен болмаса группамен, кластастармен бір жаққа шығайын десем анамның қас-қабағына қарап отырам, жібергісі келмейді. Ал анамның туған әпкесі бар, ол тұрмысқа кеш шықты,соның кесірінен бала көтере алмады. Ол отырып қалмай ертерек шық күйеуге дейді.  «Жігітің бар болса айт» деп отырады. Менің ашыла  қоюым қиын жалпы біреуге.

Мама маған болашақ күйеуің оқыған, көзі ашық көкірегі ояу болсын, барар жерің де жақсы, түсінігі мол адамдар болсын. Біздің кезімізде маған бұны айтатын адам болған жоқ деп айтып отырады. Өзім күйеуі ұрып соғып, енесі күн бермей бөліп жарып отырады деген секілді  т.б жағдайларды естимін. Анам маған, әрине, жақсылық тілейді ғой. 

Болашақ жарым міндетті түрде анама ұнағанын қалаймые, бір жігітпен танысып арлассам бірден мамамның көзімен қараймын оған, мамама ұнар ма екен деп ойлайм. Оқымаған, құрылысты, күзетте  істейтін жігіттермен арласамын,  бірақ көңілім жылымайды. 

Мен анамның қателігін қайталағым келмейді. Ол мен бойжеткенше қанша адаммен бірге тұрды, бірақ бағы ашылмады. Ол бақытты болғысы келді, мен оны түсінем, анамның әпкесі де бірнеше рет тұрмыс құрды. Әйел бақытын сезіне алмады ешқайсысы. Мен олар жүрген жолмен жүргім келмейді.

Өмірден қателеспеу үшін, жақсы жар таңдау үшін не істеуім керек. Анам маған көп нәрсеге тыйым салғанымен, бойжеткен қызы ретінде менімен ашық сырласпайды. Кейде анам әпкесі екеуі екі  жақтан түтіп жеп қоярдай болады. Өздерінің бағы ашылмаған соң менің бақытты болғанымды қалайтын шығар, бірақ неге менімен әңгімелесіп, дұрыс кеңестерін бермейді? Мен тіпті өмір сүруден қорқамын қазір…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger