Қарағанды облысында полиция ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді
Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қала орталығында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.
Күдікті қаладағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан медициналық мекемелердің біріне кіріп, құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды ұрлап әкеткен.
Мекемеге келтірілген шығын көлемі 41 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Павлодарлық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды