Қарағанды облысындағы құтқарушылар таң сәріде өртке оранған үйдің жануын тоқттатты

Просмотров: 8
Қарағанды облысы гарнизонының диспетчеріне облыс ортағының Қазыбек би атындағы ауданында Кирпичная көшесі бойындағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды 247media.kz

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептоптары бірқабатты екіпәтерлі тұрғын үйдің жанып жатқанын анықтады.

Жоғары өрт жүктемесі өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатқанмен, өрт 90 шаршы метр аумақта жойылды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенгені хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған