Қарағанды облысының төрт мектебі олимпиада қорытындысы бойынша еліміздегі үздіктердің қатарына енді
Қарағанды облысының төрт оқу орны 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебінің тізіміне енді. Рейтинг жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің нәтижелері негізінде жасалды.
Көшбасшылар арасында № 2 «Білім-инновация» лицей-интернаты, Нұркен Нұрмақов атындағы мамандандырылған лицей-интернаты, № 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты және Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия бар.
Бұл мектептер оқушылар даярлығының жоғары деңгейін және өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігін растады. Олимпиадаға қатысқан аймақтағы 22 мектептің ішінен дәл осы мекемелер ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Павлодарда 7–8 сынып оқушыларына арналған Қаныш Сәтпаев атындағы XIII аймақтық олимпиаданың қорытындысы педагогтар мен оқушылар жұмысының табысты болуының қосымша дәлелі болды.
Қарағанды облысынан жеті оқушы қатысып, олардың алтауы жүлдегер атанды, ал біреуі құрмет грамотасымен марапатталды.
Қатысушылардың нәтижелері:
І орын – Нұрәділ Хабдолда (№ 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты) – математика;
І орын – Саян Мәжит (№ 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты) – химия;
II орын – Айзере Арынова (№ 2 «Білім-инновация» лицей-интернаты) – биология;
III орын – Ділда Сақтаберген (Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ) – география;
III орын – Санжар Жангелді (Н. Нұрмақов атындағы ММДИ) – информатика;
III орын – Богдан Вайсбейн («Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, Теміртау) – физика;
Құрмет грамотасы – Әдият Әуесхан (Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ) – география.