Қарағандыда 11 жасар баланы қатарластары жабылып тепкілеп тастады

Қарағандыда белгісіз жасөспірім балалар 11 жасар баланы жабылып соққыға жыққан. Басты себеп — жәбірленуші жеткіншек пицерияда оларға орын беруден бас тартқан деп жазады Tengrinews.kz.

 

Оқыс оқиға туралы жәбірленген баланың анасы айтып берген. Оқиға 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында Қарағандыдағы пицериялардың бірінде болыпты.

«Менің ұлым 11-де, ол достарымен 4 бала болып пицериядан түскі асын ішпекші болған. Сол сәтте оларға 6-7 бала келіп, менің ұлымнан орын беруді талап етіпті. Тіпті, оны «семіз» деп мазақтаған. Балам олардың талабын орындаудан бас тартыпты. Бұзақылар болса оны далаға сүйреп, мәселені сыртта шешуді ұйғарады. Сөйтіп, оны бәрі жабылып соққыға жығыпты. Ал, баламның достары кішкентай болғандықтан араласа алмағандарын айтып отыр», — дейді ашынған әйел.

Төбелес пицерияның бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеокадрлардан бір балаға бірнешеуінің жабылып теуіп жатқанын анық көруге болады. Сондай-ақ, қардың үсті қызыл қанға боялғаны да байқалады.

Қазіргі таңда бала үйінде жатыр. Оның денесіне ауыр жарақат түспеген. Тек түнімен ұйықтай алмай шығыпты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger