Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында күйік шалған тағы бір жұмыскер қаза тапты

Просмотров: 55

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы бір жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.

«Денесінің 90 пайызын күйік шалған, 1999 жылы туған науқас ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Еске сала кетсек, 20 шілде күні таңғы 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат орын алып, нәтижесінде 8 жұмысшы ауруханаға жеткізілген еді. Бұған дейін дәл осы зауыттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен Мұзафар Исмайлов та ауруханада көз жұмған болатын.

Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған