Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апатқа байланысты арнайы комиссия тексеріс жүргізуде

Просмотров: 103

20 шілде күні сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында кенеттен жалын шығып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алған болатын. Қазіргі уақытта оның 3-еуі ауыр жағдайда, ал 5-еуі аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Сурет: sn.kz

Зауыттағы оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Апатқа байланысты тергеу жұмыстары аймақ басшысының тұрақты бақылауында. Комиссия құрамында мемлекеттік инспекторлар, өндірістік қауіпсіздік, төтенше жағдайлар департаментінің, құқық қорғау органдарының өкілдері және жұмысшылар бар.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған