Қарағандылық ұландықтар бір күнде үш ұялы телефон тапты
Қазіргі таңда елімізде бүкіл әлем мемлекеттері көз салған V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтуде. Ал, бұл ойындардағы қоғамдық тәртіп қамтамасыз етуге 6000-ға жуық күш құрылымдары тартылған болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510, 5451 әскери бөлімнің өзінен 600 ден астам ұландықтар еліміздің бас қаласы Астанаға кетті. Астана қаласында қызмет атқарып жүрген ұландықтар, бүгінде қырағылық үлгілерін танытып, елорда халқының алғысына бөленуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Астана қаласының көшелерінде қызмет атқару барысында үш ұялы телефон тауып иелеріне қайтарған болатын. Қырағылық үлгісінің ең алғашқысын сержант Ермахан Төребеков бастаған әскери жасақ жасады. Олар, Байқоңыр көшесінің бойында жатқан ұялы телефонды көріп, оның иесін дереу іздеп тауып алған болатын. Ал, екіншісі мен үшіншісін сержант Бағжан Рзабек бастаған әскери жасақ атқарды.
Қазіргі таңда бір күнде бірнеше қырағылық үлгілерін танытып жүрген ұландықтар, тұрғындарға ұялы телефондарын тауып беріп қана қоймай, алғашқы медициналық көмектерді де көрсетіп жүр. Тұрғындардың алғысын арқалаған ұландықтар, алдағы уақытта да тыныштықты күзетіп, қырағылық үлгісін танытады деп сенеміз.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі