Ардагер металлург Қуаныш Омашев референдумда дауыс берді

Просмотров: 34

Теміртау қаласының Құрметті азаматы, ардагер металлург Қуанвш Омашев Қазақстандағы АЭС салу жөніндегі республикалық референдумға қатысты. Дауыс беру орны ретінде №353 сайлау учаскесінде тіркелген.

— Еліміз тарихи таңдаудың табалдырығында тұр. Сондықтан азаматтар асықпай ойланып, байыпты шешім қабылдағандары абзал. Жалпы қай сайлауға болмасын қатысып, таңдау жасау — баршамыздың азаматтық борышымыз, – деп атап өтті Қуаныш Омашев.

Айта кету керек, сағат 11:00-дегі ақпарат бойынша №353 сайлау учаскесінде екі жүзден астам тұрғын бюлетен алып, таңдау жасап үлгерген.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған