Астанада 100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр

Просмотров: 7

«Қазмедиа орталығында» Конституциялық реформаға арналған онлайн-марафон өтіп жатыр. Алаңда комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен қоғам белсенділері жаңа Ата заңға енгізілетін өзгерістерді талқылауда.

Марафон аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді. Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосады.

Конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтылады. 130 адамнан тұратын комиссия 12 ашық отырыс өткізіп, 10 мыңнан астам ұсынысты қараған. Маңызды құжаттың мәтіні алғаш рет мемлекеттік тілде қайта жазылды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған