Астанада Komtrans Astana + BUSexpo Astana халықаралық көрмесі өтеді
2025 жылдың 25–27 маусым күндері елордадағы EXPO көрме орталығында көлік және логистика саласына арналған Komtrans Astana + BUSexpo Astana халықаралық көрмесі өтеді. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі жүк, коммерциялық және жолаушылар көлігін қамтитын бірден-бір ірі әрі мамандандырылған көрме.
Komtrans Astana + BUSexpo Astana – салалық кәсіби қауымдастық пен бизнес өкілдері бас қосатын жетекші B2B алаңы. Көрме барысында аймақтағы көлік индустриясының негізгі сегменттері кеңінен таныстырылады.
Көрмеге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Қытай, Германия және басқа да елдердің жетекші компаниялары қатысады. Олар жүк және жолаушылар тасымалына арналған жаңа өнімдерін, инновациялық стартаптарын, заманауи техникалық шешімдерін, арнайы техникаларды, автобустар мен тіркемелерді, сондай-ақ электронды басқару жүйелерін көпшілік назарына ұсынады.
Көрменің басты мақсаты – жүк және жолаушылар көлігі саласындағы үздік өнімдер мен технологияларды ұсыну арқылы саланың дамуына серпін беру. Көрме – жаңа серіктестер табуға, тәжірибе алмасуға, нарықтағы соңғы үрдістермен танысуға зор мүмкіндік.
Көрмеге мемлекеттік органдар, өңірлік коммуналдық мекемелер, автопарктер операторлары, ірі дилерлер, логистикалық және инженерлік компаниялар, сондай-ақ қала инфрақұрылымына жауапты ұйымдар қатысады.
Komtrans Astana + BUSexpo Astana – көлік және логистика саласындағы инновациялық жетістіктермен танысып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң. Елордалық көрме қатысушылар мен қонақтар үшін кәсіби байланыстар орнатуға, жаңа идеялармен шабыттануға және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған.
Көрме уақыты: 25–27 маусым 2025 жыл
Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана