Ата аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.

Просмотров: 37

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтіп жүрген сарбаздардың ата аналарына арналған ашық есік күні өтті.

Аталмыш іс-шараға сарбаздардың 40 жуық ата анасы қатысып, әскери өмірдің бір күнінің қалай өтетінің көре алды. Іс-шара аясында, ата-аналар сарбаздар жататын казармаларға, ас ішетін асханаларға барып қайтты. Сондай-ақ, ата аналарға әскердегі қару жарақ түрлері көрсетеліп және сарбаздар атқаратын қызметтің қиындығы туралы ақпараттар берілді. Іс-шара соныңда әскери бөлім басшылығы сарбаздарды ата аналарымен бір күндік демалысқа жіберді

 

 

ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған