Қатігез әкенің сұмдығы

Бұл оқиғаның болғанына сегіз жылдан асты. Кеше ғана болғандай, әліде бәрі көз алдымда тұр. Әкем жеке кәсіпкер болатын. Мен үйдің үлкені болдым. Меннен кейін Әмина есімді қарындасым бар. Біз өте бақытты болатынбіз. Он жеті жасымда ата анам жол апатынан қаза болып, өміріміздің астан кестеңі шықты. Қатты қайғырып, өмірден түңіліп, Алланың бұл ісіне наразылық танытып, әміріне қарсы шықтым. Алайда менің бұл ісім ата анамды қайтара алмасын білер едім. Әкем мен анам екеуіде жетімдер үйінен шыққандықтан сүйенер адам болмады. Жанымызда текқана күтушіміз Райхан апай мен, әкемнің досы, әрі серіктесі Нартай аға ғана болатын. Қарындасым күн сайын ауырып, әкем мен анамның атын атап сандырақтай беретін. Оның бұл көрінісі өзегімді өртеп, жүрегімді ауыртатын. Өмір сүруге деген құлшынысым жоғалып, әкем мен анамның жанына аттанғып келетін. Әкемнің арқасында өмірдің еш қиындығын көрмеген, ештеңеден тарықпаған, ертегідегі ханзадалардай тәтті түсте өмір сүріп жүрген алаңсыз жүрген біреу болатынмын. Олардан айырылғалы бері, өмір менің айтқаныммен жүрмейтінін, өмір сүру мен ойлағандай оңай емес екенін түсінген секілдімін. Әке шешемнен айырылу өмірдің бізге жіберген сынағы деп ойладым. Алайда алда бізді талай тосын сый күтіп тұрғанынан бейхабар едім. Бәрі әке шешемнің қырық күндік асынан соң, мен он, сегізге толып жеке куәлік алған соң басталды. Сабақтан келсем Нартай аға жанында бір екі кісімен мені күтіп отыр екен.

– Кел балам. Кел мұнда отыр. Саған айтар маңызды әңгімем бар.-деді Нартай аға. Жүзіне күлкі үйіріліп, қуанып тұрғандай сезілді. Жақсы жаңалық болар, деп менде жайғаса кеттім.
– Балам өзің білесің, мен әкеңнің ең жақын досы, әрі серіктесі болам. Әкең қаза болғалы жұмыс тоқтап тұр. Бұлай жалғаса берсе тақырға ұшырап мал мүліктің бәрінен айырылып, далада қаласыңдар ма, деп қорқамын-деп, маған қарай жақындай түсті. Оның не үшін бұлай айтып тұрғанын түсінбедім. Үнсіз ғана не айтарын күттім.
– Сен жұмысты басқара аласың ба?

– Қайдағы басқару аға? Басқару түгілі, ол кәсіптің иісі мұрныма келмейді.

–  Олай болса, сен алаңсыз оқуыңды оқып жүре берсең. Сен жұмысты ұғынып басқара алатын күнге жеткенше, мен басқара тұрсам, қалай қарайсың?

– Ооо, жақсы болушы еді-деп Нартай ағаның ұсынысын бірден құптап жөнелдім. Ағамның да қуанғаны көрініп тұрды.

– Мына қағаздарға қолыңды қойып бере аласың ба?

– Әрине аға. Кәне қайда қояйын. Бірнеше қағазға еш ойланбай, мәтініне көз жүгіртпей қолымды қойып бердім. Аға нөкерлерін ертіп үйден шығып кетті. Әкемнің кәсібі тоқтап тұрғанына жаным жай таппай жүрген болатын, иығымнан тау түскендей, өзімді жеңіл сезініп қалдым. Ертеңіне Райхан апайдың айқайлаған дауысынан оянып кеттім. Сағатқа қарасам онннан асып кетіпті. Не болып жатқанын түсіне алмадым. Дереу киініп төменге түссем, бір топ жігіттер біздің заттарымызды сыртқа лақтырып жатыр екен. Райхан апай әр қайсысына жармасып, «тоқта лақтырма»-деп жанталаса шырылдап жатыр. Қарындасым бір бұрышта анамның сүйікті сынған құмырасын құшаштап «жалынам анамның заттарын лақтырмаңдаршы»-деп жылап отыр екен. Олардың бірінің жағасына жармаса,

– Сендер не істеп жатырсыңдар? Кімсіңдер? Дереу тоқтатыңдар -дедім.
– Ей боқмұрын. Бізге бұйрық бергенше барда киім кешегіңді жина. Бұл үй енді сендерге тиесілі емес. Бұл үйді біздің бәсекеміз сатып алды. Қуып шықпай тұрғанда, дереу кетіңдер.
– Сатып алғаны қалай?? Кімнен, қалай сатып алды? Кім сатып алды?

– Сұрақ қойып басымды қатыр ма. Оданда желкелеп қуып шықпай тұрғанда, жоғалыңдар-деп, айқайлай жөнелді. Не болғанын түсіне алмадым. Нартай ағаға қайта-қайта қоңырау шалып, жауап ала алмадым. Олар қолымызға сөмкемізді ұстатып үйден қуып шықты. Қарындасым есінен танып, Райхан апай көлік тоқтатып Нартай ағаның үйіне бардық. Сағаттап тостық, есікті ешкім ашпады да, ешкім келмеді де. Қоңырауғада жауап жоқ. Райхан апай өз үйіне алып барды. Өзінің жолдасы қаза болған. Бес бала шағасы бар, екен. Бұрын Райхан апай жайлы мұлдем білмейді екенмін. Үйдегідей дастарханда түрлі ас жоқ, қара нан мен, етсіз тамақ. Аш болсаң ештеңеге қарамайды екенсің, ұялсақта бір кесе сорпасын ішіп алып, Нартай ағаға тынымсыз хабарласа бердім. Хатта жаздым еш біріне жауап бермеді. Қарындасымды Райхан апайға аманаттап, әкемнің фирмасына бардым. Күзетшілер ғимараттың маңына жолатпай, ішке кіре алмадым. Жол бойында, Нартай ағаны күтіп отырдым.

Бір кезде көлік тұрағынан шығып келе жатқан, Нартай ағаның көлігін көріп, жүгіре бардым. Алайда аға көре тұра, көрмегендей болып, жүйіткей жөнелді. Еңсем түсіп Райхан апайдың үйіне қайта оралдым. Қарындасым қыздарымен ойнап, күліп мәз болғанын көріп, көңіліме кішкене болсада жылулық орнады. Райхан апай, қолымнан жетектеп, бос тұрған бөлмеге алып барды.
– Қалай Нартай мырзамен жолықтың ба?

– Жоқ 😔. Күзетшілер ғимаратқа кіргізбеді. Нартай аға бір кезде шығып еді, бірақ көрмегендей кете берді.
– Біліп едім. Сол сұмырай әу бастан ұнамайтын. Арам ниеті барын сезіп едім.

– Нені білдіңіз?

– Әкең қаза болар алдында, ақшаға бола, әкеңмен жанжалдасып қалған болатын. Ол ақша десе, жанын беруге дайын адам. Кеше сені алдап, құжаттарға қол қойғызып жатқанда, оның бір ойлағаны барын сезген едім.
– Маған ескертпедіңіз бе?

–  Ол қасыңнан бір елі ажырамаса қалай ескертем? Болар іс болды. Сол дуние соған садақа. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді «-деген балам. Ақшаның соңынан қуып жету мүмкін емес. Алла бәрін көріп тұр. Бір күні бәрінің жазасын береді. Сен алаң болма!

– Оңбаған алайақ. Мен оны жайына қалдырмаймын. Істеген ісің үшін жауап бересің. Көрде тұр, меннен тартып алғаныңның бәрін, екі есе етіп қайтарып алам. Кегімді алмасам атым өшсін.
– Балам кекшіл болма. Кесірі өзіңе тиіп жүрмесін. Айттымғой Алла жазасын берсін.

– Сізге көп рахмет.
– Марқұм анаң меннен ештеңесін аямаушы еді. Адамның күні адам мен деген осы екенғой. Сендер менің үйімде тұрасыңдар деп, үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Мұнда өз үйіңдегідей жайлы болмасы анық, кешірерсің балам. Барым осы.

– Олай демеңіз. Бізге осы да жетеді. Бұл жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын.

– Өркенің өссін балам. Әкеңе ұқсап адал жолмен жұрерсің. Әкең біреудің ала жібін аттаған емес. Кек алам деп, әкеңнің атын ластама.
– Алаң болмаңыз. Әкемнің атына кір келтірмеймін. Бар болғаны өзіме тиесілі дуниені қайтарып алам.
– Жүреғой. Кешкі асыңды ішіп, уайымдамай тынығып ал-деп ас үйге жетектеп барды. Кімнің дос, кімнің дұшпан екенін осындайда түсінеді екенсің. Әкемнің досы деп, арқа сүйеп жүрген адамым, нағыз дұшпан болып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger