Ауғанстан ардагерлеріне мәңгілік тағзым бар

Просмотров: 13

1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерінің соңғы тобы Ауғанстан жерінен шығарылған болатын. Бұл күн соғыс ардагерлерінің ғана емес кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі қалады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда барлық халық 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлерді естеріне алды. Іс-шара барысында әскери қызметкерлер қаза тапқан жауынгерлерді еске алып гүл шоқтарын қойды.


-Ардагерлеріміздің ерлігі біздің жастардың жадында мәңгі сақталады. Себебі, сол жылдары сұрапыл соғыс кезіңде Ауған жерінде еш аянбай қасық қандары қалғанша соғысқан жауынгерлеріміздің ерлігі біздің есіміз мәңгі қалды- деп атап өтті әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ескендір Сараубеков.
Естеріңізге сала кетсек Ауғанстан жерінде болған соғысқа Қазақстан елінен жіберілген әскери қызметшілердің саны 22 269-ды құрады. Сондықтанда Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің әрқайсына ерекше ерліктеріне тағзым бар.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған