Қазақстан ірі қара мал терісін Қытайға экспорттайтын болады

Просмотров: 21
Олжас Бектеновтың Шанхайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын ірі қара малдың терісіне инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды 247media.kz

ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл хаттама үш жылдық екіжақты келіссөздердің нәтижесі, елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат елдің экспорттық әлеуетін, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

«Ірі қара терісі Қытайға экспорты осындай келісімдермен реттелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11-ші түріне айналады. Бұған дейін мұздатылған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, бал, балық, сүт өнімдері, жүн шикізаты, асыл тұқымды және сойылатын жылқылар, сондай-ақ сойылған ірі қара малды экспорттауға хаттамаларға қол қойылған болатын. Жалпы, ҚР АШМ отандық агробизнес үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл ретте қазақстандық өнімге жоғары сұраныс байқалатын Қытай нарығына ерекше назар аударылады».ҚР АШ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың шілде айында союға тірі ірі қара малды экспорттауға қатысты осындай хаттамаға қол қойылды.

Құс шаруашылығы өнімдерінің, қосалқы өнімдердің, құрғақ бие сүтінің және басқа да тауарлардың экспортын кеңейту жоспарлануда.

Бұған дейін Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағаны хабарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған