Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады
Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өтті. Бұл туралы 2024 жылғы 4 қарашада ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz
Кездесудің Алматыда 2024 жылғы 28 қазан — 1 қараша аралғында өткендігі белгілі болды.
«Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті».
Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.
Бұған дейін Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағандығы хабарланған болатын.