Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі түсті

Просмотров: 26

Қазақстандық мергендер Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін күрескен еді. Бұл туралы  247media.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар Ислам Сәтпаев пен Александр Ле іріктеу сайысында жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Жұптық сында жинаған ұпайы 630,8. Біздің мергендер тек Қытай мен Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан қалып қойды..

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды. Алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті өткен жылғы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған