Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
Қазақстан жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтуда. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ол жыл қорытындысы бойынша еліміз халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтқанын, ЖИ дамуының институционалдық негізін қалыптастырғанын, alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерін іске қосқанын және мемлекеттік қызметтерге, экономикаға және әлеуметтік салаға цифрлық және ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуді қамтамасыз еткенін атап өтті.
Халықаралық бағалауларға сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан электрондық үкіметтің даму индексінде (EGDI) 24-ші орында және онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша әлемнің топ-10 еліне кіреді.
Сонымен қатар alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең ірі суперкомпьютерлердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-шы орынға ие болды. Осылайша, Қазақстан есептеу қуаты бойынша өңір көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады.
«Бұл ұстанымдар цифрлық жетілу деңгейін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің басқару тәжірибесіне жасанды интеллектіні ауқымды түрде енгізе алу қабілетін де көрсетеді»,
— деді Жаслан Мәдиев.
➖
Казахстан укрепил позиции в международных рейтингах по цифровизации
Казахстан укрепляет статус ведущей цифровой державы с масштабным внедрением искусственного интеллекта и устойчивым ростом ключевых показателей цифровой экономики. Об этом заявил заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев на пресс-конференции, посвященной итогам деятельности ведомства за год.
Он отметил, что по итогам года страна укрепила позиции в международных рейтингах, сформировала институциональную основу развития ИИ, запустила национальный суперкомпьютерный кластер alem.cloud и обеспечила масштабное внедрение цифровых и ИИ-решений в государственные услуги, экономику и социальную сферу.
Согласно международным оценкам, на сегодняшний день Казахстан занимает 24-е место в индексе развития электронного правительства (EGDI) и вошел в топ-10 стран мира по индексу онлайн-услуг (OSI).
Кроме того, национальный суперкомпьютерный кластер alem.cloud вошел в рейтинг TOP-500 крупнейших суперкомпьютеров мира, заняв 86-е место и подтвердив статус Казахстана как одного из лидеров региона по вычислительным мощностям.
«Эти позиции отражают не только уровень цифровой зрелости, но и способность государства масштабно внедрять искусственный интеллект в практику управления»,
— сказал Жаслан Мадиев.
@KZgovernment
