Қазақстанда ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды
Үкімет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2024 жылғы 4 қыркүйектегі қаулыны бекітті, деп хабарлайды 247media.kz
Қаулыға сәйкес:
Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қайта құрылды.
Осылайша қазір туризм және спорт министрлігінде келесі ведомстволар бар:
- Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
- Туризм индустриясы комитеті;
- Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.
Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешетін болады.
Қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.