Қазақстанда тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Қаржы министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы бұйрықпен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды 247media.kz
Атап айтқанда, жаңа редакцияда тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысты бір тармақ баяндалған.
Ұйымдастырушы жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды әлеуетті өнім берушілердің-тұрғынжай жеке меншік құқығымен тиесілі кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде орналастырады және онда мынадай ақпарат болады.
- сатып алынатын тұрғынжайдың болуы тиіс елді мекеннің (қала, қаладағы аудан, кент, ауыл) атауы;
- тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатының сомасы туралы;
- сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамаларының сипаттамасы және тұрғынжайды сатып алу мерзімі;
- әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерді ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы.
Бұйрық 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.