Қазақстандық фильм беделді халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді
Қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың Joqtau дебюттік фильмі Locarno Film Festival Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді. Бұл ең ауқымды және әлемдік киноиндустриядағы ең ықпалды 5 орынның қатарына кіреді.
Локарнодағы 77-ші Швейцария кинофестивалі 2024 жылдың 7–17 тамызы аралығында өтеді. Әр байқау фильмі 10 алаңда бес рет көрсетіледі.
Роуд-муви жанрындағы Joqtau фильмі көрермендерге дала мен Қазақстанның шалғай жерлеріндегі саяхат туралы баяндайды. Басты кейіпкерлер өздерінің сенімдері мен құндылықтары қаншалықты мықты екенін тексеруі керек.
Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, «Қаш», «Патриоттар уақыты», «Сақтаушы» картиналары бойынша көрерменге белгілі, «Дәстүр» қазақстандық қорқынышты фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов, сондай-ақ Joqtau фильмі мансабындағы алғашқы ірі жоба болған актриса Ирина Балкова сомдады.
Фильм үшін композитор Санжар Бәйтереков қазақ ұлттық аспабы қобызбен орындалған аспаптық музыка жазды.
Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.