Қазақстандық талапкерлерге қосымша гранттар тағайындалды

Просмотров: 12
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды 247media.kz

Министрліктің ақпаратынша, білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

«Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет»,- делінген ведомство хабарламасында.

Жаңа грант иегерлерінің тізімі 28 тамызға қараған түні Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды.

Бұған дейін Алматыда жаңа оқу жылының басына қарай жаңартылған серуендеу аймағы пайда болатындығы хабарланды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған