Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Просмотров: 4
Қазақстанда 2024 жылдың 29 қарашасында радио мен теледидар жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескертуді «Қазтелерадио» АҚ жариялады. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

«2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.»»Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстандықтарға түсіністік танытқаны үшін алдын ала алғыс білдіріліп, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.

Қараша айының басында Қазақстан телерадио хабарларын тарату қызметін көрсетудің жаңа ережелерін бекіткені белгілі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған