Бұл суреттің тарихы еріксіз таңғалдырады…

Нидерландыда 1421 жылы қатты нөсер жауып, арты селге айналған…
Сел басылған соң көшеге шыққан жұрт су бетінде қалқып келе жатқан бесікті байқайды..
Бесік тоспаға жақындағанда, бір мысықтың бесіктің екі басына кезек секіріп жүргенін көріп, аң-таң болады.
Тоспадан тосып бесікті жағаға шығарғанда, бесікте жөргегіне су тимеген сәби бар болып шығады.
Сөйтсе, мысық бесіктің тепе-теңдігін ұстау үшін екі басына кезек секіріп, суға батырмай келе жатыр екен…

Бірнеше ғасырдан кейін (1856 ж.) осы оқиғаның желісімен түбі ағылшын голланд суретшісі Лоуренс Альма-Тадема «Бисбостағы су тасқыны» атты картина жазды..

Қазір бұл картина жеке коллекцияда деседі

Өмір Шыныбекұлы парақшасынан 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger