Банк шоттарынан ақша жоғалып кетуі мүмкін: БЖЗҚ-дан маңызды ескерту

Просмотров: 18

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бүгін, 2024 жылдың 8 қазанында қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды 247media.kz

Алаяқтар қазақстандықтарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуда. Олар айыппұл төлеу және басқа да қиындықтар туындамас үшін жеке қабылдауға келу үшін онлайн кезекке тұруды ұсынады. Осыдан кейін жәбірленушінің телефонына келетін кодты сұрайды. Осылайша, банк карталарынан қаражат ұрланады.

Ескерту «БЖЗҚ» АҚ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында жарияланды.

«Соңғы уақытта алаяқтардың БЖЗҚ қызметкерлері кейіпінде азаматтарға қоңырау шалып, алаңдатарлық жаңалықтарды хабарлау жағдайлары жиілеп кетті.

Мысалы, олар азаматтың жарналарды төлемейтіндігі анықталғанан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп бағады.

Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін «жеке қызмет көрсетуге кезекті онлайн түрінде брондауды» ұсынады.

Қоңырау шалу кезінде алаяқтар кезекке онлайн тапсырыс беруді ұсынады және 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына код жібергенін хабарлайды. Содан кейін олар брондау үрдісін аяқтау үшін осы кодты айтуды сұрайды. Жәбірленуші осы кодты айтқаннан кейін оның банктік шоттарындағы ақшасы жоғалып кетуі мүмкін!

БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан бөгде адамдарға ешқандай кодты хабарламаңыз және бейтаныс сілтемелерге өтпей сақ болыңыз.

Ешқашан кодтар мен құпия сөздерді айтпаңыз. Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.

Егер күдікті біреу БЖЗҚ атынан мазаласа, байланысты дереу үзіп, Қормен тікелей хабарласыңыз»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған