Базардан әйелдің мәйіті табылды

Астанада 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Алаш тас жолында ең үлкен сауда орындарының бірі — «Шанхай» базары маңында болған.

«13 қыркүйек күні шамамен 20:00-де Алаш тас жолындағы Шанхай базары маңынан белгісіз әйелдің денесі табылған болатын. Полиция қызметкерлері қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Кейінірек әйелдің аты-жөні анықталды», — деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбек. Баспасөз хатшысының хабарлауынша, сот-медициналық сараптама нәтижесінде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger