Бейкүнә сәбидің елесі көз алдымнан кетпейді

Мен бүгін басымдағы жағдайды осында жазайын деп шештім. Үлкен отбасыға келін боп түстім. Енем мен атам өте жақсы. Бір абысыным өзімнің жақын құрбымдай. Арамыздан қыл өтпейтін бауырмыз. Басқалары да жақсы.

Енді менің мәселем, соңғы бір жылда түнде нəрестенің жылағанынан шошып оянамын. 25 қазан күні монша жақтық, түнде бəрі түскен соң кір жуып жайып шықсам,моншаның алдында шақалақ нəресте жатыр. Қолымдағы легендіі тастай сап еңкейсем бала жоқ. Елес пе білмедім. Күйеуім,абысыным,үйдегілердің бəрі ештеме естімедім дейді. Енді осы аптада екі рет көрінді сол бала. Моншаның жанында бір сарай бар, ескі заттар тұратын. Соның ішінен байқағандай болдым. Екіншісінде сол сарайдың ішіне кіріп кеткендей көрінді. Үйдегілерге айтсам бəрі оқытыл дейді. Абысынымның төркініне үш күн жатып оқытылып келдім алдында. Бірақ құлағымда бөпенің жылаған даусы. Менен басқаға көрінбейді. Ойлансам осыны айтып жыласам енем ғана үнсіз қалады. Бірдемеге алаңдап жасырады.

Енді бізге бөлек шығыңдар,тез кетіңдер, сенің ауруың бөлек тұрсаң кетер дей береді. Мен төрт баламмен қыста қайда барам. Негізі абысынымда да алты бала. Бəріміз тату тəтті өмір сүрдік бүгінге дейін. Негізі атам абысынымды бөлек шығарам деп үй əперуге ақша жинап отыр еді. Енем енді бізге кет дейді. Қазір Алматыға кете беріңдер, көктемде жер алып үлкен үй сап берем, бөлек шығындар деп қоймайды. Атам да қыста қайда барады бөлек шықпайды десе, мені ауруынан жазылмайды бұл үйден кетпесе деп екеуі ұрысты.

Енді бүгін бір сұмдық естіп орнымнан тұра алмай отырмын. Бүгін енемнің үлкен абысыны мынаны айтты, үлкен əже ол кісі. Менің ең үлкен қайынəпкем мектеп оқушысы кезінде мұғалімімен жүріп қатты шу болған екен. Оны түскен кезімде көршілер айтқан. Қазір Астанада күйеуі мен үш баласы бар, ауылға екі жылда бір келеді де тез кетеді. Ол 10 класта өзінің мұғалімінен екіқабат боп қалып,жеті айлық қып босанып қойған екен. Енем оны білмеген. Қайынəпкем ішім деп жылағанда соқыршек деп абысынын шақырған. Қайынəпкем үйде босанып қалған. Жеті айлық бала жылап туылғанмен туыла сала шетінеген. Сол кезде үйде ешкім болмапты. Енемнің абысыны ары қарай араласпай үйіне кеткен. Енем айтыпты баланы түнде молаға апарып көмдім деп. Енді мына əже айтады ,енең ол баланы молаға көмген жоқ,ол күйеуінен,сол кезде тірі тұрған өзінің қайынатасынан қорыққан жəне өсектен қорыққан. Ол баланы үйдің ауласының бір жеріне жерлеген дейді. Сенің көзіңе көрінетін сол дейді. енді осыған сенер сембесімді білмей отырмын. Енем неге көзіме бала көрінді десем үндемей қалады. Қайынəпкем неге осы үйге жылына бір рет кеп тұрып екі күн қонып кетіп қалады? Тəуіпке барып оқытылайын десем енем айқай шығарып жібермейді. Бұрын ауырсам өзі молдаларға ертіп барып оқытатын. Енді екі айдан бері кет, кет дей береді. Не істерімді білмей бүгін осында жаздым.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger