Білім саласының өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды

Просмотров: 8

Қалалық коалиция мүшелері Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін ақпараттық-түсіндіру кездесуі білім беру саласының өкілдерімен өткізілді.

Жиын барысында Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Кездесуге қатысқан ұстаздар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Ашық форматта өткен диалог барысында конституциялық реформалардың қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қоғамның түрлі саласын қамтып, жаңа Конституция жобасының мәнін жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл басқосулар алдағы референдумның маңыздылығын халыққа жеткізіп, азаматтардың саналы таңдау жасауына ықпал етуді мақсат етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған