Бір сағаттық өмірің қалса…

Бiр кiсiден:
— Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? — деп сұраған екен, ол:
— Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. 
Алладан жарылқау сұрар ем, — деп жауап берiптi.

 Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:
— Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, — дептi.

Ал үшiншi адам:
— Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, — дептi.
Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Алла  Тағалаға ұнамдысы — соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату — әр мұсылманның парызы болып табылады.
Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз — пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Алланы  тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.
Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.

Advertisment ad adsense adlogger