Бірақ, бәрі кеш еді…

Мен осыдан 8 жыл алдыңғы болған бір оқиғаны айтсам деймін…

Қазақтың қаракөз қызы Мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырып, қалаға келіп жоғарғы оқу орнына түседі, алғашында үйренісе алмай туған аулын, әке-шешесін, бауырларын, бірге оқыған сыныптас достарын қатты сағынады, себебі ол 3 ұлдың арасында өскен ата-анасының мәпелеп өсірген жалғыз қызы еді. Ауылынан алыстап ешқайда шықпаған бойжеткен алғашқы жылын ауылын аңсаумен, сағынумен бітірді, достар арттырды.

1 курсында қалаға уйренсін деп ата-анасы бойжеткенді туыс әпкесінің үйінде жүріп оқытады. 2 курста жатақханадан орын алып береді.

Ия бәрі сол бейтаныс нөмерлі қоңыраудан басталды. Бір күні сабақтан шығып келе жатқанда бойжеткенге бейтаныс нөмер хабарласып ұл-баланың есімін атап сұрайды, ал бойжеткен оған қателесіп түсіп кеткенін айтады да тұтқаны қоя салады.

Арадан бірер күн өткен соң әлгі нөмер қайта қоңырау шалады, тағыда сол есімді сұрайды, дәл сол уақытта бойжеткеннің көңіл-күйі болмай қатаң үнмен жауап қатадыда тұтқаны қоя салады. Кейіннен әлгі нөмер қайта соғып бойжеткеннен кешірім сұрап, танысуын өтінеді, қыз алғашында қарсылық білдірседе тұтқаның аржағында тұрған керемет даусы, нағыз ер азаматтың үніндей жігіт қоймағансоң келісім беріп танысады.

Екеуінің таныстығы осылай басталады. Арада біраз уақыт өтеді, екеуі тек телефон арқылы тілдесіп тұрады. Екеуіде бір қаладан болсада қанша уақыт өтседе кездесуге асыққан емес.

Бірақ бір күні қыздың туған күнінің қарсаңында жігіт тосын сый жасағысы келіп оны жатақхананың алдында келіп тұрғанын, кездесуге шығуын өтінеді, бойжеткен күтпеген жағдай болғасын не істерін білмей абдырап қалады. Жігіт оған жалғыз шығуға ыңғайсыздансаң дос қызыңмен шықшы деп өтінеді. Қыз ұялғаннан дос қызын ертіп шықса жатақхана алдында қара түсті мерс көлігінің жанында ұзын бойлы, аққұба келген көрікті, қолында бір құшақ қызыл раушан гүлі бар жігіт күлімсіреп күтіп тұр екен.

Бойжеткен өз қиялындағы ханзадасын кездестіргеніне қатты қуанып, екі беті алмадай қызарып, ұялып төмен қарап келдіде амандасты. Үшеуі аз ғана уақыт тұрдыда екі бойжеткен жатақханаға қарай кіріп кетті.

Бірақ….бірақ жігіт бойжеткеннен 12 жас үлкен болатын. Жігіт бойжеткенді шын жүрегімен ұнатты, оған тіпті көңілінде білдірді, оқуыңды аяқтағанша күтемін деп серт берді. Бойжеткенде ханзадасын жанынан артық сүйді. Осылай қос ғашықтың махаббаты басталды.

Екеуі көп кездесе бермейтін, себебі жігіт жұмыс бабымен әр қалада болатын. Арада біраз уақыт өтіп бойжеткен 2 курсын тәмәмдап аулына қайтатын болды. Қайтарында екеуінің көз жанарлары бірін-бірі қимастай, қайта көрмейтіндерін сезгендей ұзақ қарап тұрды. Жігіт бойжеткенге сағына күтетінін айтып қоштасты.

Осылай ауылына келген бойжеткен бір жолата ханзадасынан айрылып қалатынын үш ұйықтасада түсіне кірмей, еш алаңсыз аулында жүргенде оны сырттай бақылап жүрген жігіттер алып қашады. Бойжеткен қанша қарсылық білдірседе одан ештеңе шықпайтынын біліп амалсыз көндігуге тура келді, ешкімге көрсетпей ханзадасына қоңырау шалды бірақ өкінішке орай телефоны сол сәтте сөндірулі болды, себебі ханзадасы іс-сапарда жүрген болатын, кейіннен бойжеткен смс хабарлама «Мені бейтаныс жігіт алып қашты, мені кешіріңіз, сізге қанша рет хабарласып түсе алмадым, енді бәрі кеш, мен үшін жылай көрмеңіз. Демек тағдыр бір болуды жазбапты. Тек Бақытты болуыңызды Алладан күнде сұраймын»- деп жазып жібереді, ал ханзадасы бұл хабарламаны 2 күннен соң аладыда жанын қоярға жер таппай өксіп жылайды.

Бірақ ол кезде расындада бәрі кеш болатын….

Дереккөз: Алашайнасы

Advertisment ad adsense adlogger