Біздің заманымыздың батырлары: жастар жүрегіндегі патриотизм
2025 жылдың 10 сәуірінде Теміртау техникалық колледжінде Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «Патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шаралар» жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай колледж студенттерімен кездесу өтті.
Кездесудің тақырыбы:
«Біздің заманымыздың батырлары: жастар жүрегіндегі патриотизм»
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, көшбасшылық қасиеттер мен белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Кездесу барысында: – Теміртау қаласының мұрағат қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге қатысты архивтік мәліметтермен бөлісіп, тарихи жадымызды сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.
– 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әскери қызметтің ерекшеліктері мен ел қауіпсіздігіне қосқан үлесі туралы әңгімелеп, қазіргі заманғы патриотизмнің үлгісін көрсетті.
Шақырылған спикерлер: – Нурмиева Р.М. – «Патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шаралар» жобасының үйлестірушісі
– Савченко С. – құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және жинақтау бөлімінің басшысы
– Джалмаханова А. – архивист
– капитан Амангелді Аңсар Қуанайұлы – 5516 әскери бөлімінің РХБҚ қызметінің бастығы
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, ата-баба ерлігіне құрметпен қарауға және патриотизмді заманауи түсінуде тереңірек ұғынуға ықпал етеді.