Бойжеткенді өз туысы үш рет зорлаған

Педофилдердің өлім жазасына кесілуіне қарсымын. Себебі, ертең олар осыны естіген соң өздерінің құрбандарын өлтіріп кететін болады. Осылай деді үш рет педофил құрбаны болған Йоханна Ақбергенова Қазақстан арнасының «Қарекет» бағдарламасында.

 

Бүгінде «Не молчи» қоғамдық қорының баспасөз хатшысы Йоханна Ақбергенова өзін биологиялық әкесінің үш мәрте зорлағанын айтты. Яғни бойжеткен өзін педофилдің құрбанымын деп санайды. Десе де, ол қылмыскерлер мен педофилдерді өлім жазасына кесуге қарсы шықты.

«Менің анамды 29 жасында туысы зорлаған. Бұл жағдаймен өзім де кездестім. Бір емес, үш рет. Мені зорлап кеткісі келген кісі — өзімнің биологиялық әкем. Педофилдерді өлім жазасына беру керек пе, керек емес пе деген тақырыпта петиция жинап жатыр. Меніңше, педофил болсын, қылмыскер болсын, оны өлім жазасына кесуге болмайды. Неге халық түсінгісі келмейді?! Шариғатта өлім жазасы бар болса да, адам баласының өмірін қалай тартып алуға болады?!» — деді ол.

Бойжеткен биологиялық әкем деп айтып отырған азамат оның анасының туысы. Сол себепті өзі бір қолсыз кемтар болып туған. Әрі қарай ол неліктен қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді қаламайтынын жеткізді.

«Менің педофилдердің өлім жазасына кесілгендерін қаламауыма бір себеп бар. Әйелді немесе баланы зорлаған адам, тірі қалдырсам бір нәрсе айтып қояр деген оймен оны өлтіріп кетеді», — деді Йоханна Ақбергенова.

Сондай-ақ, ол педофилдерді піштіруге қарсы шықты. Себебі, осы піштіретін дәріге қарсы препараттар жетерлік. Яғни олар өздеріне салынған дәрінің күшін аз уақыт ішінде қайтарып жіберіп, бұрынғы әдеттеріне қайта басады. Ол мұның орнына педофилдерді жұмысқа «жегіп», алған ақшаны құрбандарына беруді ұсынды.

sputniknews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger