Болашаққа бірге!
Қарағанды индустриялық университеті – еліміздің индустриялық дамуының басым бағыттары бойынша кадр даярлайтын жетекші жоғары оқу орны. Университет тау-кен металлургия және химия салаларына, энергетика, IT, машина жасау, көлік пен құрылыс, экономика мен бизнес бағыттары бойынша мамандар даярлайды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтермен белсенді айналысады. Жыл сайын заманауи жаңа білім беру бағдарламалары ашылады.
Сабақтарды мемлекеттік марапаттар мен стипендиялардың иегерлері, беделді атақтары бар елімізге және әлемге танымал ғалымдар жүргізеді.
Университет халықаралық академиялық ұтқырлыққа кең серіктес университеттермен алмасу бағдарламалары, қос диплом бағдарламасы, шетелдік оқытушылардың дәрістеріне.мүмкіндік береді:
ҚарИУ студенттерінің тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуіне де үлкен көңіл бөледі: практика, тағылымдамалар, жұмыс берушілермен кездесулер, тренингтер, бос орындар жәрмеңкелері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. ҚарИУ түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жыл сайын 90%-дан жоғары.
ҚарИУ студенті болуға асық! Сапалы білім — табысты болашақтың кепілі!