«Болашақ» бағдарламасымен Еуропада оқып жатқан жастарға үндеу жасалды

Просмотров: 29
«Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ бүгін, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Орталық және Шығыс Еуропадағы қолайсыз ауа райы жағдайларына қатысты үндеу жасап, «Болашақ» шәкіртқасының иегерлеріне жүгінді, деп хабарлайды 247media.kz

Ресми хабарламада Орталық және Шығыс Еуропада «Борис» дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалап отырғаны айтылады.

«Дауыл Польша, Чехия, Австрия, Словакия және Венгрия елдерін қамтыды, ал бұл елдерде «Болашақ» бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалар аясында Қазақстанның 15 азаматы оқып жүр», делінген «Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ хабарламасында.

Сондай-ақ барлық стипендиаттарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертіліп, олар жергілікті биліктің ұсыныстарына сәйкес әрекет етіп жатқаны нақтыланады.

«Қазіргі уақытта стипендиаттарымыз арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Стипендиаттарымызды барлық сақтық шараларын сақтауға және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуға шақырамыз».»Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы бірнеше онжылдықтағы ең күшті дауыл – «Борис» Орталық және Шығыс Еуропаның бір бөлігінде мінез танытып жатыр. Жауын-шашынның салдарынан су тасқыны болып, салдарынан үйлер қирап, құрбандар да тіркелді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған