Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Просмотров: 14
Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды 247media.kz Бұл туралы Ақорда 13 ақпанда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ол бұл қызметті 2023 жылдың 4 сәуірінен бастап атқарып келеді.

13 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір бұйрықпен Мағзұм Мырзағалиевті президенттің кеңесшісі етіп тағайындады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Рустам Баялиев Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған