ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Просмотров: 14

 МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің  жаңа жылдағы алғашқы отырысын өткізді.


Алғашқы отырыста Қарағанды облысы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиясының жұмысы, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы қаралды.
Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысының заңнама бұзушылықтарының алдын алу, Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі  уәкілімен  мемлекеттік  қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтауы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланды.
Кеңес мүшелері баяндама барысында айтылған өзекті мәселелерге байланысты баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Өз кезегінде мемлекеттік  органдардың мемлекеттік  қызметшілері онлайн режимде ат салысып, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында  Кеңес мүшелері бекітілген заң талаптары мен әдеп қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, мемлекеттік қызметшілердің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған