ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің ағымдағы жылғы соңғы отырысын өткізді.
Отырысқа қала және аудан әкімі аппаратының басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдері және персоналды басқару қызметінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет заңнамасында жиі кездесетін бұзушылықтар, мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңнама талаптарын сақтауы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері қарастырылды.
Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің назарына Әдеп кеңесінің 2025 жылға арналған жоспары ұсынылып, қарастырылатын мәселелер бекітілді.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өздерінің тараптарынан мемлекеттік қызметшілердің тәртіптілігін нығайту, бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталған ұсыныстар берді.