ДЕПАРТАМЕНТ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Просмотров: 6

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлімінде болып, жұмыс барысымен танысты.


Бөлімді аралау барысында халыққа ұсынылып жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік деңгейімен танысты.
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен қағидаларын, қызмет алушылардың құқықтарын сақтауды, ақпараттың қолжетімділігін және сапалы кері байланысты қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.
Бақылауды қорытындылай келе, Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарына ерекше назар аударуды қажет екенін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған