Депутат Қазақстанда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейін арттыруды ұсынды
Серік Егізбаев агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың маңыздылығы туралы айтты.
«Елімізде шаруаларға жылына 400 млрд теңге субсидия беріледі. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құрамындамыз және ондағы мүше елдердің үкіметі ауыл шаруашылығына 8,5 пайызға дейін көмек көрсету жөнінде уағдаласқан. Ресей мен Беларусь шаруаларына 10-12 пайызға дейін көмектесіп, тіпті ЕуразЭҚ ережесін бұзып отыр. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Сондықтан қазір беріп жатқан қаражаттың өзі жеткіліксіз деуге болады»,- делінген ақпаратта.Ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие берудің, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің және қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу жөніндегі бастамаларын қолдады.
«Саланы қолдауға бөлінетін бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың нақты мерзімдерін белгілеу туралы мәселені қарастыру қажет. Ал шағын фермерлік шаруашылықтарды дамыту үшін оларды өткізу нарықтары мен жаңа технологияларға көшуге мүмкіндік беретін субсидиялар алу арқылы кооперативтерге кіруге ынталандыру қажет», – деп есептейді депутат.
Бұған дейін Кенияда заңсыз алтын іздеген бес кеншінің оқыстан қайтыс болғандығы хабарланған болатын.