Әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам

Просмотров: 14

Бұл шығарылымда біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің рөлі, нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу жолдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың маңызы туралы сөз қозғаймыз. Мемлекеттік шешімдер қабылданбас бұрын, олардың сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын факторларын анықтау — әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

️Бағдарлама қонағы — Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің Президиум мүшесі Баталова Зауреш Қабылбекқызы. Ол студияда сараптама жүргізу тетіктері мен азаматтық қоғамның бұл саладағы рөлі туралы ой бөліседі.

Бағдарламада:

  • Құқықтық құжаттарда кездесетін тәуекелдерді анықтау жолдары
  • Нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тәртібі
  • Қоғам өкілдерінің сараптама процесіне қатысуы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің құрылымы мен оның тиімділігі
  • Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы
  • Ашықтық пен есептілікті арттырудың жүзеге асыру жолдары

⚖️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама — бұл заң жобаларына жасалатын алдын ала тексеріс, оның мақсаты — жемқорлыққа жол беретін нормаларды болдырмау және заңнаманы әділ ету.

Толық шығарылымды Akimat Temirtau YouTube-арнасынан көре аласыз.

Промо-бейнені тамашалап, адал қоғам құруға бағытталған бастамаларға үлес қосыңыз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған